«Қаражал қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ
Ресми интернет-ресурс

Армысың әз - Наурыз!

Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамы қарсаңында Қаражал кітапханасында «Армысың әз-Наурыз!» атты акция ұйымдастырылып, осы акцияға байланысты кітап көрме жасалды. Кітапханашылар қаламыздағы бірнеше мекемелерге барып кітап көрмеге шолу жасап, осы кележатқан Ұлыстың ұлы тойы туралы ақпарат берді.

Көрменің мақсаты: Наурыз тойының  шығу тарихын, мазмұны мен мәнін, халықтың мәдени-рухани өміріндегі орнын, қазақ халқының салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы мен қолөнері, ұлттық тағамы туралы таныстыру және кітаптарды насихаттау.

Акцияның тұсау кесері «Қаражал калалық тұтынышулардың құқығын қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесінде өткізілді, онда кітапханашы: Жайнагүл Ұзақова ауқымды түрде  әр бір кітаптарға тоқталып, шолу жасады. Мекеме қызметкерлері қызығушылық танытып тақырыпқа және кітапхананың жұмысына байланысты әртүрлі сұрақтартар қойылып, кітапханашылардан нақты жауаптар алды. Іс-шара соңында мекеменің басшысы Салауатов Муслим Сағинаевич ұжым атынан алғысын білдіріп, тағыда осындай іс-шаралардың көп болғаны туралы ілтипатын білдірді. Құшақ жая ыстық лебізбен қарсы алған мекеме қызметкерлерін Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесімен құттықтап, алғысымызды білдірдік. 

Пайдалы ресурстар

Уважаемые посетители сайта!

Приветственное слово

Уважаемые посетители сайта!

Приветственное слово