Жайрем кенті № 12 кітапхана –филиалы 22 –ші наурыз ұлттық мейрамға арналған «Армысың , ақ пейілді Әз Наурыз» атты көпшілік шара өткізілді. Шараға мектеп оқушылары белсене қатысып Наурыз мейрамының шығу тарихын , бата түрлері , Наурыз көже туралы айтылып, «Наурыз –адам мен табиғаттың үндестігі »атты этнографиялық көрмені оқырмандарға кеңінен таныстырылды..
Наурыз мейрамы (жаңа жыл ) екенін қазақ баласының көбі біледі. Наурыз туралы көптен бері , жыл сайын газеттерде жазылып келеді. Бұл мейрам – дін мейрамы емес ұлт мейрамы. Наурыз-жыл басы ,парсы тілінен «ноу» -«жаңа», «руз» «күн-»деген ұғымды білдіреді.
Тегінде Наурыз ұлт мейрамы болғандығының үстіне оның тарихи маңызының тереңдігі бар. Ызғарлы қыстың кетіп, жан иесі өмір қуатын туғызған жыл, жаздың келетіндігіне барлық жаратылыспен қатар қазақ елі де қуанатын. «Қыс бойы өлімнің есігін күзетіп, үңгірде жатқан кәрі құйрық, мертік – шортықтар да қыбырлап дүниеде бар екендіктерін білгізе бастайтын, аурулар сауығамын деп , аттар тойынамын деп , жалаңаштар киімсіз де күн көремін» дегендей, жұрттың бәріне үміт ұялап, әркім де жылы шырай сезіне бастап, «бәрімізде табиғаттың бергеніне ортақпыз » дегендей сағынышты көрісулері , жалынды құшақтасулармен жаңа жылды қарсы алатын. Халықтың мифологиялық түсінігі бойынша 21наурыз күні даланы Қызыр аралайды. Қызыр ата табиғатты аралап жүріп, назары жерге түссе, қыстың тоң-мұзын ерітіп жібереді, ал тасқа түссе тас та балқиды екен. «Бүгінгі күні Самарқанның көк тасы да жібіпті» десіп, Наурыз күні бейілін кеңітпеген адамды тастан да қатты қылып шығарғысы келіп, аңыз қалысатын.
Еңбекші қазақ елі, шығынды тыртаңнан аттарыңның басын тарта ұстап, тарихи мейрамдарын Наурызды жаңа тұрмысқа лайықты мейрамдап өткізудің жолына түсіңдер. Жаңа жылға жаңа тілек, игі үмітпен шығуымыз керек» деп Сәбит Дөнентайұлы өз шығармасында Наурыз мерекесін ұлт мерекесі деп атап өтіпті Халықтың мифологиялық түсінігі бойынша 21наурыз күні даланы Қызыр аралайды. Қызыр үй-іші, қора-қопсы,ауласы.
Наурыз мейрамы қазақтың Жаңа жылы. Бұл күні күн мен түн теңесіп, уақыт жаз мезгіліне өзгереді. Мейрам күні адамдар бірін – бірі құттықтап , наурыз дастарханына шақырады.
Дастарханда ең алдымен Наурыз көже болуы шарт. Наурыз көже құрамында міндетті түрде жеті түрлі ас болады. Ол осы келген жылымыз берекелі болсын деген, ақ мол болсын деген тілекті білдіреді. Осы жылға аман- есен жеттік ау деген ырыммен қой сойылады. Әр түрлі қазақтың дәстүрлі ойындары болады, ән айтылып, би биленіп, өнер көрсетіледі. Қазақтың салт – дәстүрлерін көрсетеді, бұл келешек жастар біліп жүрсін деген ниет. Елімізде Наурыз мерекесі 1926 жылдан 1988 жылға дейін бүкілхалықтық болып тойланбады. 2001 жылдан бастап Наурыз мемлекеттік мереке болып жарияланды, сондықтан да 22 наурыз күні демалыс күні , мереке – думан күні.
Мерекелік шарада 3 тілде мақал –мәтелдер айтылып, жұмбақ жасыру сайысы өткізілді. Халқымыз «Сөздің көркі -мақал» демекші асылдай қорытып, алмастай шындап айтатын мақал-мәтелдер, қанатты сөздер мен нақыл сөздерді, ұтымды жинақты, айшықты өткір сөз орамдарын халық өлшеусіз көп шығарған. Мақал - мәтелдер – ауыз әдебиетінің бір түрі олар еңбек пен ерлік, жақсы мен жаман, достық пен қастық , ақыл мен өнер – білім отан туралы т.б. жұмбақтар мақал – мәтел сияқты ұйқастырылып айтылады.
