Анықтамалық-библиографиялық қызмет көрсету – оқырмандарға олардың талап-тілектері бойынша библиографиялық қызмет көрсету.
Анықтамалық-библиографиялық қызмет көбінесе «сауал-жауап» режимінде өтеді.
Барлық сауалдар мен анықтамалар ең алдымен библиографиялық және фактографиялық деп бөлінеді.
Библиографиялық анықтамалар түрлері:
Тақырыптық анықтамалар - белгілі бір тақырып бойынша библиографиялық хабарлама берілетін болса, ол тақырыптық анықтама деп аталады.
Нысаналы мақсаты бойынша тақырыптық анықтамалар екі топқа: жекеленген оқырмадардың, сондай-ақ коллективтердің, ұйымдардың, кәсіпорындар мен мекемелердің ғылыми және кәсіптік-өндірістік қызметіне көмек ретінде берілетін анықтамаларға және оқу, білімін өздігінен көтеру, тәрбиелеу, білімді насихаттау үшін көмек ретінде берілетін анықтамаларға бөлінеді.
Тақырыптық анықтамаларды топтауға олардың мазмұны негіз етіп пайдаланылады. Әдетте анықтамалар осы белгілері бойынша қоғамдық саяси, жаратылыстану мен техника жөніндегі, әдебиет пен өнер жөніндегі, сондай-ақ елтанушылық, өлкетанушылық, библиографиялық, жеке анықтамалар болып бөлінеді.
Нақтылаушы анықтамалар - библиографиялық сипаттамада, жоқ немесе бұрмаланған элементтерді белгілейді немесе анықтайды. Мұндай анықтаманың орындау кезінде оқырмандардың нақтылайтын сауалдарындағы дағдылы қателерді ескеру қажет, ол қателер мыналар:
