Кітап көрменің мақсаты: қазақ әдебиетін көпшілікке танымал ету, Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өлмес, өшпес мұрасын жас ұрпаққа насихаттау, Қазақстанның әдеби, тарихи мұрасын зерттеуге қызығушылықтарын дамыту, қоғамның кітапты оқуға ынтасын көтеру,сонымен қатар өсіп келе жатқан ұрпақтың рухани дамуына әсер ету.
Қалалық орталық кітапханада «Алаш орда» үкіметінің құрылғанына 100 жылдығына орай кітап көрме ұйымдастырылды. Кітап көрме екі бөлімнен құралған. 1- бөлімде: Алаш қазақ азаттық қозғалысының тарихы, азаттықтың жаршысы болған Әлихан Бөкейхан, алаш арыстары Халел Ғаббасов, Міржақып Дулатов, Мұстафа Шоқай, Мағжан Жұмабаев қозғалысытың тағы да басқа қайраткерлері туралы кітаптар қойылды.
Көрменің 2-ші бөлімі: Алаштың ардақты ақыны, алаш қозғалысын жырлаған - Сұлтанмахмұт Торайғыровқа арналған. 2017 жылы «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында ақының шығармалары тандалды. Кітап көрмеге Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірбаяны және шығармалары қойылды.

