«Қаражал қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ
Ресми интернет-ресурс

Абайдың сөзі - халықтың даналығы

«Жүрегімнің түбіне терең бойла, Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла. Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім, Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма!» - деп данышпан Абай атамыз айтқандай, «қалың елі, қазағы» үшін, оның берекелі болашағы үшін жан аямай күрескен тамаша тау тұлғаларымызға арналған түрлі шаралар елімізде жыл сайын атап өтілуде. С.Сейфуллин атындағы кітапхана ұжымы №1және №6 жалпы білім беретін мектеп оқушыларымен бірлесе, саябақта ақын ескерткішінің алдында «Абайдың сөзі - халықтың даналығы» атты әдеби кеш өткізді. Мақсаты - ұлы ақынның шығармашылық мұрасын насихаттау, қазақ халқының мәдениетіне, тіліне және әдебиетіне басқа ұлт өкілдерінің қызығушылығын арттыру. Шара , барысында оқушылар, кітапхана қызметкерлері, ұстаздар ақынның өлеңдерін, қара сөздерінен оқыды. Ұлт болашағы жас өрендеріміздің шығармашылығын шыңдап, талантына қанат бітіретін бұл шараның берері өте мол және үзілмей жалғасын таба бермек.Кеш соңында «Көзімнің қарасы» әнімен аяқтады.

Пайдалы ресурстар

Уважаемые посетители сайта!

Приветственное слово

Уважаемые посетители сайта!

Приветственное слово