«Қаражал қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ
Ресми интернет-ресурс

1 наурыз - Алғыс айту күні

Көктемнің алғашқы күнімен қазақ елінің күнтізбесіне тағы бір мереке қосылды. Елбасы Жарлығымен 1 наурыз - Алғыс айту күні болып жарияланды. Қазақстан халқы ассамблеясының құрылған күнімен тұспа-тұс келген бұл мереке түрлі тарихи себептермен Қазақ топырағына табан тіреген этностарды «Мәңгілік ел» идеясы төңірегіне топтастырды . Осы мерекеге орай С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханамызда  «Рахмет саған -  Отаным!» және «Рахмет саған Оқырман!» атты кітап көрмелер ұйымдастырылды.

Кітап көрменің мақсаты: Өз Отанына сүйіспеншіліктерін және патриоттық сезімдерін жоғары ұстау.  Кітап көрмеде «Мәңгілік ел» «Қазақстан қарашаңырағым» «Еуразия жүрегінде» «Ерлікті сүйген ел нұрлы» және Невада-Семей халықаралық қозғалысының Семейдегі ядролық сынақ полигонын жабу жөніндегі шеру, тағы көптеген  кітаптар қойылды. Елімізге шексіз еңбек сіңірген елбасымызға , өткен ата-бабаларымызға , қазіргі қалың елімізге ,  барлық игі істерге рахмет айта отыра, бұл күн мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір- біріне деген достығы мен махаббатының жарқын мерекесі  деп атауға болады.

Пайдалы ресурстар

Уважаемые посетители сайта!

Приветственное слово

Уважаемые посетители сайта!

Приветственное слово