Қаражал қаласының С.Сейфуллин атыңдағы қалалық орталық кітапханасында Ж.Жабаевтың 170-жылдық мерейтойына арналған «Жыр алыбы – Жамбылға 170 жыл» атты поэзия кеші өтті.
Іс-шара мақсаты: Жыр алыбы Жамбылдың ақындық талантың оқырмандар жүрегіне поэзияны сүюді ұялату арқылы, оны бағалай білуді ұғындыру. Оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту, сөз өнерін қадірлеп, қастерлей білуге дағдыландыру, ақын өлеңдерін, поэзиясын сүйе білуге үйрету. Ақын шығармалары арқылы ұлтжандылық сезімін оятып, адамгершілікке, елінің өнерін сүюге тәрбиелеу.
Кеште Таукен коледжінің мұғалімі Жолдыбаева Ақнұр студенттерімен келіп, кешімізге көрік сыйлап, үлкен үлес қосты. Ж.Жабаевтың «Ленинградтық өренім»атты өленің мәнерлете оқып, ой – түсініктерімен бөлісті. Кейін Ж.Жабаевқа арналған кинодан үзіндіні көріп тамашалады.
Сиынып аруағына бабамыздың,
Киесін ұққандаймын даламыздың.
Жырлары – шежіресі еліміздің,
Сырлары – сағынышы санамыздың дей келе, Жыр алыбы – Жамбылдың 170 жылдығына арналған кешіміз аяқталды.
