
Өткен аптаның сейсенбісі күні кітапханада Астананың туған күніне орай, «Байтақ елдің бас қаласы» атты дөңгелек стол өтті. Оған қала әкімінің орынбасары А.Құрмансейітов, «Нұр Отан» ХДП қалалық филиалының төрағасының орынбасары С.Жиенбаев, қаланың құрметті азаматы О.Шайхина, зейнеткер-ұстаз К.Кашмаганбетова, оқырман Р.Ахметбекова және мемлекеттік мекемелерінің басшылары қатысты.
