
Дөңгелек үстел
«Адамды адам еткен – кітап, адамзат еткен – кітапхана» деген көрнекті жазушы Әбіш Кекілбаев. Бұл сөздермен кітапхананың адам өмірдегі орнын дәл айқындап бергендей. Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің құрылғанына бүгінде 45 жыл толып отыр, осыған орай кітапханамызда «Кітапхана : кеше, бүгін, болашақта» атты дөңгелек үстел өткізілді. Кештің құрметті қонақтары білімділіктің киелі ордасы кітапхананың қасиетті қазынасын көздің қарашығындай сақтап, насихаттап, ел игілігіне жаратып, кітапханада бірнеше жыл қызмет атқарған кітапханашы ардагерлеріміз Бибіғайша Жамановна мен Жанабаева Қарлыға Тұрмановна болды. Тарихсыз ел болмайды демекші, іс – шара басын кітапхананың тарихымен бастауды жөн көрдік. Кеш барысында қонақтарымызды сөзге тартып, кітапхананың кешегі жылдардағы әңгімелесе, орталықтандырылған кітапхана жүйесінің кітапханашылары кітапхананың бүгінгі күніне шолу жасады. Кітапхананың кешегі мен бүгінгі тарихын айта отырып, болашақтағы кітапхана жайында сөз қозғалды. Қонақтарымыз кітапхана саласында басталған еңбек жолы жайлы әңгіме қозғап, жылдар бойы жинақтаған тәжірибелерімен бөлісті. Қонақтарымызға әр түрлі сұрақтар қойылып, өз пікірлерімен, басынан өткен қызықты оқиғаларымен бөлісе отырып, қатысқан кітапханашыларға кітаптың адамзат мәдениетін қалыптастырып, дамытудағы, адам парасатын биіктетудегі, білімін шыңдап көтерудегі баға жетпес құрал екенін айтты. Олар тоқырау кезеңіндегі қиындықтар, қайта құрылу кезіндегі ауыртпалықтар мен кедергілер, техника мен Интернеттің болмаған тұсындағы жанкешті жұмыстары туралы айтып, бүгінгі кітапханалардың материалдық-техникалық базасына қызығушылықтарын жеткізді.



