
Қалалық кітапханада кітапсүйер оқырмандардың , «Қаражал тау-кен техникалық колледжі» студенттерінің басқосуымен Дулат Исабековтың «Әпке» туындысы талқыланды. Іс –шара барысында оқырмандаға қызмет көрссету бөлімінің меңгерушісі М. Оразалина қысқаша мазмұнына тоқталып, «Әпке» драмасынан үзінді көрсетіп, сұрақтар қойды .Қатысушылар шығарманы оқу барысында өздеріне түсініксіз болған сұрақтарын ортаға салып, әдеби талдау жасап, кейіпкер бейнесін ашып, талдаудың көркін қыздырды. Келген оқырмандарымыз да тосылып қалмай, өзекті ойларын ортаға салып, әрқайсысы сыни пікірлерімен, ерекше қабілет зейіндерін көрсете білді. Қалай десек те, кітаптың жөні бөлек. Ең бастысы – ой-санаңды өсіреді. Жақсыға үйретіп, жаманнан жиретеді.

