
Тарихи сағат
Қалалық кітапхананың жас оқырмандарымен «Бабалар үні» атты тарихи сағат өтті.Іс-шара барысында қазақ хандығы дәуірінде бірнеше ғасыр бойы ел басқарған, ел тарихында өзіндік орны мен маңызы бар тұлғалар-хандар,би-болыстар, батырлар ,ұлы- бабаларымыз туралы айтылды және кітап көрмеге шолу жүргізілді.Халықсыз - тарих жоқ, тарихсыз - халық жоқ деген нақыл бекерге айтылмаса керек.Әр адам өзінің тарихын білу керек деген оймен студенттер өз ойларын ортаға салып, сұрақтар қою арқылы тарихи сағатымыз қызықты өтті.

